• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Парламент 05 Қараша, 2021

Қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері қаралды

175 рет
көрсетілді

3-4 қараша күндері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ЕҚЫҰ ПА 19-шы күзгі сессиясына онлайн түрде қатысты. Онда ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Тұрақты комитеттің жұмысына қатысты, онда ЕҚЫҰ ПА-ның ағымдағы қызметі мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Депутаттар Ғұмар Дүйсембаев пен Қайрат Қожамжаров сессия аясында Ауғанстанда қалыптасып отырған ахуал тұрғысындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша парламенттік конференцияға қатысты. Сенатор Ақмарал Әлназарова Жерорта теңізі форумына қатысты, оның барысында Мағриб пен Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қолдау мәселелері қаралды.