• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2014

Жағдай бақылауда болуы тиіс

210 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызды тауар түрлеріне, коммуналдық тарифтерге бағаны тұрақтандыру, өңірлердің көктемгі су тасқынына дайындығы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.   Бүгінде өңірлерде бірінші қа­жетті тауарларға бағаның негізсіз өсіп кетуіне жол бермеу жөнінде күнделікті жұмыс жүргізілуде, деп атап өтті Б.Сағынтаев. Осы мәселе бойынша облыс­тар­­дың, Астана және Алматы қа­ла­­ла­рының әкімдері ақпараттар берді. 20 ақпанға қатысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша 49 субъектіге қатысты 14 тергеу бас­талды, деді бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Т.Баймұханов. Мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев бүтіндей ал­ған­да, республикада ЖЖМ баға­ларының өзгермегенін және таяу уа­қыт­та баға өсуінің бол­­жа­­­нып  отырмағанын  хабарлады. Облыс әкімдері бірқатар өңір­лерде жекелеген тауар түр­леріне кейбір баға өсуі туралы хабарлады. Сонымен бірге, олар дүрбелең мен азық-түлік тапшылығының орын алмағанына сендірді. Осыған байланысты бірінші вице-премьер әкімдіктерге сауда нүктелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, негізгі азық-түлік өнімдері мен ЖЖМ бағаларына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ҚОСРМ, ККМ өкілдері  су тасқыны ахуалы мен оған қарсы қолданылатын шаралар туралы баяндады. Сол сияқты облыс әкімдерінің орынбасарлары да көктемгі су тасқынына дайындық барысы туралы айтып берді. Бүгінде су тасқыны кезеңінде тасқын жағдайларына қарсы әрекет ету жоспары мен мүдделі ведомстволардың өзара іс-қимыл жоспары әзірленді. Ернеуін бұзып кету қатері бар ірі су қоймаларының суға толу жағдайына мониторинг жүргізілуде, деді Б.Сағынтаев. Со­нымен бірге, ол Қазақстан аума­ғында қардың біркелкі жинал­ғанын, тек Қостанай және Ақтау облыстарында оның тиісті нормадан артық екенін атап көрсетті. Осыған орай, ТЖМ-ға әкім­діктермен бірлесіп, тасқын зардаптарын жоюға қажетті күштер мен құралдардың дайындығын тексеру тапсырылды. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру шаралары бойынша халыққа түсінік жұмыстарын жүргізу біз­дің бірінші кезекті міндетіміз. Соны­мен бірге, өңірлер су тасқыны кезең­іне дайындық бойынша жүйелі шаралар қабылдауы қажет, деп атап өтті Б.Сағынтаев.