Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласына келді.
Спикер екі күндік жұмыс сапары барысында Әзербайжан Милли Меджилисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесіп, алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқыламақ.
Кездесу қорытындысында Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Әзербайжан Милли Меджилисінің арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің Баку мемлекеттік университеті оқытушыларымен және студенттерімен кездесуі межеленген.
«Егемен-ақпарат».