Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері жүкті әйелге үш рет ота жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, жүкті әйел перзентханаға 4 қарашада түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жүктіліктің 39 аптасын өткеріп жүрген әйел ішкі ағзасының ауыратынына шағымданды. Дәрігерлер жүкті әйелді жедел ота бөліміне жатқызды. Кесарь тілігі арқылы салмағы 4 келі сәби өмірге келді. Босанған әйелде іріңдеген соқырішек анықталды. Соқырішек ота арқылы алынды. Сондай-ақ, жүкті әйелде кіндік тұсында жарықшақ бары байқалып, үшінші ота жасалды» дейді перзентхана директоры Гүлзейнеп Дүсіпова.
Дәрігерлер үш ота жасалған ана мен сәбидің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.