• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2021

ШҚО-да үш шопан жоғалып кетті

718 рет
көрсетілді

Зайсан ауданында адамдардың жоғалып кеткені туралы ақпарат төтенше жағдай қызметіне 4 қараша күні сағат 14:03-те келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, үшеу таң ата бір отар қоймен бірге Біржан ауылдық округі маңындағы қыстаудан шығып, қайтып оралмаған.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп, далада бір шопанды, екі сағаттан кейін тағы бір адамды тапты. Үшінші шопанды да төтенше жағдайлар қызметкерлері сәтті тапты. Арнайы техникамен жоғалған адамдар қыстауға жеткізілді. Қазір оларға қауіп төніп тұрған жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.