Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Амангелді» және «СефКаспийфиш» ЖШС-нің 4 балықшысы 3 қарашада жоғалған. Олар балық аулауға шығып, қайта оралмаған.
«Жоғалған балықшыларды іздеу бүгін, 6 қараша күні басталды. Оған «МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақ Атырау қаласынан сағат 09:58-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. Аэровизуалды іздестіру жұмыстары 270 шақырым қашықтықта, яғни Каспий теңізінің Исатай, Құрманғазы аудандары аумағындағы жағалауда жүргізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жоғалған балықшылар әлі табылған жоқ.