• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қараша, 2021

Үндістандағы ауруханада болған өрт 10 адамның өмірін қиып кетті

204 рет
көрсетілді

Үндістанда Ахмеднагар қаласындағы ауруханада сенбі күні болған өрттен кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт аурухананың коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 науқас ем қабылдап жатқан бөлімінде болған. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, оның себептері анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін.

Махараштра штатының бас министрі Уддхав Такерей билік мұқият тергеу жүргізіп, қаза болғандардың отбасына 500 мың рупий (шамамен 6,7 мың доллар) көлемінде өтемақы төлейтінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар