Футболдан Франция бірінші лигасының 13 турындағы «Реймс» және «Монако» футбол клубтарының арасындағы ойында күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойынның 12 минутында матч төрешісі Жереми Пиньяр әуедегі допты өткізіп жіберу ниетімен артында тұрған «Реймс» футболшысы Морету Кассаманы байқамай, шынтағымен соғып, футболшыны терең нокаутқа түсірді. Өз еркімен орнынан көтеріле алмаған Кассама дәрігерлер қол ұшын созған соң ғана есін жиды.