Қазақстанда пневмонияның 16 жағдайы тіркелді, сондай-ақ бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«7.11.2021 жылы пневмонияның 16 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 51 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 80372, 5073 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 70008-ге жетті», делінген хабарламада.
9 қарашадағы мәлімет бойынша, 39 705 адам коронавирус инфекциясынан (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
7 317 пациент стационарда, 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
520 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.