• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2021

Алматыда Мексика елшілігі ашылды

279 рет
көрсетілді

Алматыда Мексика елшілігі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елшіліктің жұмысы екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Салтанатты шараға Венгрия, Бельгия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің елшілері арнайы келіп, құттықтау сөздерін айтты.

«Бұл елшіліктің екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға септесетініне сенімім мол. Біздің елдің азаматтарына Мексикаға виза алу мәселесі де жеңілдей түседі деген ойдамын. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек», деді Мексиканың Қазақстандағы құрметті консулы Ерқанат Қожахметов.