• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Қараша, 2021

Елордада жұмыссыздық деңгейі қандай?

217 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев елордадағы жұмыссыздық деңгейі жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма басшысы хабарлағандай, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес саласында өнім шығару көлемі 3 трлн 981 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,7%-ға артық.

«2021 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасын іске асыру жыл сайын экономиканың сервистік салаларында басым түрде 23 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», деді Қайсар Манқараев елордалық мәслихаттағы тұрақты комиссия отырысында.

9 айдың ішінде Нұр-Сұлтандағы өнеркәсіптік өндіріс 12,6%-дық өсіммен 982,5 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 11%-ға жоғары.