Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналау қай жерлерде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутаттар қалада жасөспірімдерді вакциналау туралы ата-аналарды ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс басталғанын хабарлады. Осыған байланысты олар балаларды мектептерде емес, қала емханаларында егуді сұрады.
«Бұл процедураны орындау үшін ата-аналардың келісімі керек. Сондай-ақ, баланы ата-анасы ертіп келуі қажет. Бірінші кезеңде біз міндетті түрде тек емханада вакциналаймыз, өйткені вакцина жаңа», деді елордалық ДСБ басшысы.