• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 10 Қараша, 2021

Балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау қалай жүргізіледі?

468 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында балаларды қалай және қайда вакцинациялайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цой балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 4 млн 230 доза вакцина сатып алынғанын еске салды.

Бұл көлем 2 миллион 115 мың адамды вакцинациялауға жеткілікті.

«Вакцинациялауға 12-ден 17 жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің 16-37 аптасы мерзіміндегі жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 күннен кейін бала емізетін әйелдер жатады. 15 қарашаға дейін 379 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясын жеткізу жоспарлануда. Тарихи тұрғыдан балаларды вакцинациялау оқу орны бойынша егу пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы вакцинация білім беру ұйымдарында және республиканың егу пункттері желісінде де жүргізілетін болады. Ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің өзге де заңды өкілдерінің ерікті түрде хабардар етілген келісімінен кейін ғана», деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, вакцинация науқанын жүргізу үшін Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 өңіріне жеткізілген 34 тоңазытқыш жабдық сатып алынды.

Бұдан басқа, қосымша 51 бірлік тоңазытқыш жабдық сатып алынды, қараша айының соңына дейін оларды барлық өңірлерге жеткізу жоспарланып отыр.