Қазақстанда соңғы екі айда коронавирус ауруы 3,4 есе, ал өлім-жітім 4 есе азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министр атап өткендей, 222 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 101-орында тұр.
«Бүгінгі таңда халықты тестілеуге қолжетімділік қамтамасыз етілді. Зертханалардың санын 165-ке дейін арттыру есебінен зертханалық қуат тәулігіне 126 мыңнан астам зерттеуді құрайды, күн сайын 60 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі. КВИ-ға өткізілген тест саны бойынша Қазақстан әлемнің 222 елінің ішінде 47-ші орында», деді Денсаулық сақтау министрі.
Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта үш өңір (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) бар. Төрт өңір - «сары аймақта» (Қарағанды облыстары, Ақмола облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары). 10 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.
«Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттанушылық 3,4 есе, ал өлім-жітім 4 есе төмендеді. Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектердің - 45-тен 26%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.