• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2021

Түркістандық алаяқ WhatsApp арқылы тұрғындардан 24 млн теңге жымқырған

367 рет
көрсетілді

Түркістан облысында WhatsApp мессенджерінде үш чат ашып, қаржы пирамидаларын ұйымдастырған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта үйден шықпай-ақ чаттар мен мессенджерлер арқылы қаржы пирамидаларын құру фактілері орын алуда. Мәселен, Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментке 25 адам қаржы пирамидасына шағымданған», деп жазады ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде «Асыл Инвест», «Айналым 30%» және «30% 3 күн ішінде» деген аттармен чаттар құрып, тарату арқылы азаматтардың ақшасын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды.

Салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілді. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушының банктік шоттарына Kaspi.kz қосымшасы арқылы аударылды.

Қазіргі уақытта шығын сомасы 24 миллион теңгеден асты.