Жұмыссыз қалған кейбір ауғанстандық журналистер қазір Кабул көшелерінде жеміс-жидек сатып, жан бағуға мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл турали Риа Новости мәлім етті.
«Жұмыс болмағандықтан, кейбір журналистер Кабул көшелерінде бөлшек саудагер ретінде жеміс сатуға мәжбүр», делінген Tolo News хабарламасында.
15 жыл бойы түрлі БАҚ-та жұмыс істеген Хабиб Юсеф кедейлік пен жұмыссыздықтан қазір Ауғанстан астанасының көшелерінде отбасын асырау үшін жеміс сататынын айтты.