• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2021

Қарағандыда 8 көше жылусыз қалды

212 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы Құрманғазы көшесінде КамАЗ жүк көлігі жылу магистралін зақымдады. Нәтижесінде қаланың бірнеше орталық көшесі жылусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлемі үлкен жүк көлігі тасымалдау барысында жылу магистралі зақымданған. КамАз жүргізушісі жүктің биіктігін есепке алмай, нәтижесінде 8 көшенің тұрғындары жылусыз отыр.

«9 қарашада габариті үлкен жүкті тасымалдаған жүк көлігі Құрманғазы көшесіндегі М3б жылу магистралінің диаметрі 820 мм тік П-тәрізді компенсаторын зақымдады. Қазіргі уақытта учаске жылудан өшірілді. Пассажирская, Н.Әбдіров, Ермеков, Пичугин, Новоселов, Резник, Можайский, Құрманғазы көшелеріндегі тұрғын үйлер мен объектілер апатты режим аймағына ауыстырылды. Содан кейін жұмыс бригадасы қалпына келтіру жұмысын жүргізді», деп хабарлады «Теплотранзит Караганда» ЖШС баспасөз қызметі.

Сол күні кешке үйлердің жылу жүйесін қалпына келтіру және жылу беру жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдайға кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.