• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2014

Ауғанстанның әскери базасына шабуыл жасалды

272 рет
көрсетілді

Кеше «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның Пәкстанмен шекаралас жатқан Кунар провинциясындағы әскери базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. «Франс-Пресс» агенттігінің мәліметі бойынша, содырлардың шабуылынан 20 шақты әскери қаза болған. Сондай-ақ олар кем дегенде жеті адамды тұтқынға алып кеткен көрінеді. Reuters агенттігінің дерегіне қарағанда, Ауғанстан әскері тұтқындарды босату мақсатында арнайы іс-қимылдарын бастап кеткен. Белгілі боғандай, талибандар тұтқында ұстап отырған АҚШ әскери қызметкері Боуи Бергдалды Гуантанамо түрмесінде жазасын өтеп жатқан бес содырына ауыстыру жөніндегі келіссөздерін тоқтатқан. «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның әскерилері мен полиция қызметкерлеріне жиі шабуыл жасайды. Тек, 2013 жылдың өзінде ғана мұндай оқиғалардың саны бірнеше мыңға жеткен екен. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Rus.telegram.ee.  
Соңғы жаңалықтар