• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Қараша, 2021

Мусин тексерген ХҚКО басшысы қызметінен босатылды

570 рет
көрсетілді

Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тексерісінен кейін қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы министр Сенатта айтты.   «Тиісті комиссия шешім қабылдайды. Министр ретінде Азаматтарға арналған үкіметке, яғни осы үдерістердің барлығымен айналысатын компанияға барлық қажетті шараны қабылдауды ұсындым. Мен тәжірибелік сынақпен барған Арнайы орталықта басшы орнынан ауыстырылып, жаңасы тағайындалып үлгерді», деді ол.  

Мусин департамент мұндай проблемалармен қалай күресуі керегін айтты.

Әрине, мұндай фактілердің жолын кесу керек. Өйткені біздің басты міндетіміз – мемлекеттік қызметтерді тек жылдам емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы форматта көрсетуді қамтамасыз ету. 

Министр осындай жемқорлық фактілері туындамас үшін биометрия және емтихан тапсырушыны бақылау сияқты технологиялық инновацияларды енгізілетінін айтты.

Технология, яғни биометрия, иә, бұл Мусин Бағдат, ол сынақтан өтті, ол компьютерде отырды және оны қанша минутта тапсырды, ешқайда ауытқымады, ұялы телефонына қарамады, т.б. айтады. Санмен айтар болсақ, бүгінде Нұр-Сұлтан арнайы мамандандырылған орталығында жүргізуші куәлігін беру 90%-ға азайған.