• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2021

Жеңіл жазаны елемеген қатаң үкімге кезігеді

250 рет
көрсетілді

Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.

Ойнап жүріп от басқандар өзінің қателігін түсінуі үшін осыдан үш жыл бұ­рын Пробация қызметі құ­рылды. Пробация қызметі – қыл­мыс­тық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жө­ніндегі атқару­шылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы.

– Қазіргі таңда Түр­кіс­тан облысы бойынша Қыл­мыс­тық-атқару жүйесі депар­та­­ментіне қарасты Түр­кіс­тан қа­лалық проба­ция қыз­ме­ті бөлімінің есе­бінде 250 сотталған азамат есепте тұрады. Есептегі сот­тал­ған адамдар арасында әр­түр­лі мінез-құлықты адам­дар кез­деседі, бірі қыл­мыс жаса­ғанына өкініп, келтірген залалдың орнын тол­­тырып, түзелу жолына түс­кен азаматтар бол­са, ен­ді бі­рі тәртіпке ба­ғын­бай, сот жүк­­теген мін­дет­терді атқар­май, жаза өтеу ере­желерін қас­­көйлікпен бұ­зып, темір тор­­ға тоғылып жат­қандар да кездеседі.

Өзінің қателігін қайта жа­сап, қатаң жазаға тағайын­далатын адамдар да кездесіп жа­тады. Осындайда Түркіс­тан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түр­кістан қалалық проба­ция қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қас­көй­лікпен бұзған азамат­тың қа­те­лігін өзгелер қайтала­ма­сын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

2021 жылы бөтеннің мүл­кін жасырын жымқырған Д. деген азамат Түркістан қа­лалық соты бойынша 9 ай 4 күн мерзімге пробация есе­біне алынған болатын. Өзіне бе­рілген осындай аз мер­зімде құқық бұзу­шылыққа жол бермей, өзіне жүктелген мін­детті орындамау­дың сал­дары қатаң жазаға алып ке­ліп соғатынын әсте ойла­маса керек. Ол ҚК-нің 300-бабы бойынша жазаға тар­тылған-ды Өзінің қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ ал­май «Учаске» профи­лакти­ка­лық іс-шара барысында тір­келуге келмей, кешкі уақыт­та тұрғылықты мекен­жа­йында болмай, сондай-ақ ақы­сыз еңбекті орындаудан бас ­тартқан.

– Түркістан қалалық про­бация қыз­метінің есе­біне алын­ған алғашқы күні бұл азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген. Алайда ол жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсін­дірілгеніне қарамастан, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шара­лар­ға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қасақа­на бұзғаны үшін және алдағы уақыт­та жаңадан қылмыс жа­сауының ­алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатын­да, пробация қызметінің ұсыны­сы қанағаттандырылып, сотталушы азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостан­дығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қыл­мыстық-атқару жүйе­сінің қауіпсіздігі орташа меке­мелерінде өтеу белгіленді, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Жасұлан Шәріпов.

Бауыржан Момышұлы ата­мыз­дың: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәр­тіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөзін еліміздің әр­бір азаматы есте сақтаса екен. Жоғары­да айтылғандарды қорытындылай келе, әрбір Қазақстан Республика­сы­ның азаматы бірінші кезекте ­Ата заңы­мызды, сонымен қатар бар­лық іргелес заңда көр­сетілген талап­тарды сақтап, артымыздан өсіп ­келе жат­қан жас ұрпаққа өнеге және ­үлгі болуы керек.