• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қараша, 2021

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

205 рет
көрсетілді

Еліміздегі алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с жетеді.

Петропавлда ертең күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

13 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең көктайғақ болады, жаяу борасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с жетеді.

13 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда ертең таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында ертең түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.