• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қараша, 2021

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

364 рет
көрсетілді

Экология министрі С.Брекешев бизнес өкілдерімен балық шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін балық шаруашылығы саласындағы ірі бизнес өкілдерімен кездестім», - деп жазды Министр Твиттердегі парақшасында.

Кездесу барысында жеңілдікті салық салу, инвестициялық және шаруашылық шығындарды субсидиялау, айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген несиелендіруге қол жеткізу және технологиялық жабдық сатып алу бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ балық және балық өнімдері мониторингінің ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері де ортаға салынды.

Министр бүгінгі таңда Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, оның шеңберінде балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін қолайлы жағдай жасау, өзекті мәселелерді шешу және заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылданатынын атап өтті.

Кездесу соңында министр Балық шаруашылығы комитетіне бизнес субъектілері көтерген мәселелерді қарастырып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.