Эквадордағы түрмелердің біріндегі бүлік салдарынан 68 тұтқын қаза тауып, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәртіпсіздіктер елдің оңтүстік-батысындағы Гуаякил қаласындағы Литорал түрмесінде болған.
Полиция мен әскерилер тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Тінту кезінде айтарлықтай көлемдегі қару-жарақ пен кескіш заттар тәркіленді.
Жанжал қылмыстық топтар арасындағы көшбасшылық күреске, сондай-ақ түрмедегі жағдайға байланысты туындаған деген болжам бар.