• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қараша, 2021

ШҚО-да мұзға құлаған балықшы көз жұмды

256 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында мұзға құлаған балықшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қараша күні сағат 16:22-де Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз астына түсіп кеткен.

«47 жастағы ер адам судан шығып үлгергенімен 50 жастағы азамат батып кетті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар балықшының денесін тауып, алып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар мұзға шыққан кезде құтқару кеудешелерін кимеген», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын елемеген 4 адам суға батып кетті.