ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 қарашада «102» жедел арнасына Тұрлыханов көшесіндегі аспалы көпірден ер адамның секіріп кеткені туралы хабар түскен.
«Аталған факті бойынша Семей қалалық Полиция басқармасының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді», деп хабарлады ведомство өкілдері.