• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қараша, 2021

Жыл сайын мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады

366 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатыныс саласында жасалатын құқықбұзушылыққа қатысты жүргізілген талдау зорлық-зомбылықтың негізгі себебі ретінде әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде алкогольдік ішімдікке салынудың теріс салдарын көрсетті», деді Жасұлан Байкенов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттады. Олар алкогольдік ішімдікке салынудың салдарынан психикалық әрі мінез-құлықтың бұзылуына қатысты есепке қойылған.

«Сонымен қатар жыл сайын мыңға жуық осындай адам ата-ана құқығынан айырылады», деді басқарма басшысы.