Норвегияда коронавирустың дельта штаммының жаңа түрі табылды. Бұл туралы аталмыш елдің басылымдары жарыса жазуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сарапшылар «Бұл басқаларына қарағанда қауіпті емес» деп санайды. Сонымен қатар вакцина одан қорғай алатындығына бек сенімді.
Жаңа штамм алғаш рет маусым айында анықталған болатын. Ол бүкіл елге таралды және «AY 63» белгісімен аталды.