• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Қараша, 2021

Елордалық СОО-ға енді тек «жасыл» мәртебелілер жіберіледі

199 рет
көрсетілді

15 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан қаласының сауда-ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға Ashyq жүйесінің «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады», деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын мерзімде жұмыс істейтін болады», делінген хабарламада.

Мұндай шешім СОО-да үй карантинін бұзушылардың ең көп санын тіркеуді ескере отырып, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында халық арасында COVID-19 одан әрі таралуының алдын алу мақсатында қабылданды.

Елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысы бүгін, 15 қарашада күшіне енді.