• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2021

Павлодарда автокөлік өртенді

199 рет
көрсетілді

Павлодарда тұрғын үйдің ауласында тұрған автокөлік отқа оранды. Өрттің шығуына тоқтардың қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 12:44-те Н.Назарбаев даңғылы 29 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. Тұрғын үйдің ауласында 2002 жылы шығарылған Mazda Tribute автомобилінде мотор бөлімі, аспаптар панелі және жартылай екі алдыңғы доңғалақ жанып кеткен.

«Өрт 13:06-да толықтай жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды»,  делінген баспасөз хабарламасында.

Төтенше жағдай орнына жеке құрамның алты адамы және өрт сөндіру қызметінің бір техникасы жұмылдырылды.