• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 16 Қараша, 2021

Парақор және жымқыратындар көп

480 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында сыбайлас жем­қорлық сипатындағы қылмыстардың кө­бі құқық қорғау органдарында, білім, ден­саулық сақ­тау, құрылыс салаларын­да тіркеліп отыр. Жыл басынан бері Сы­бай­лас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі Шымкент қаласы бойынша де­пар­та­менті 77 қылмысты тіркеген. Оның 63-і сы­байлас жем­қорлық сипатындағы қыл­мыс.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың айтуына қарағанда, тіркел­ген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. «Жымқы­­ру фактілері бойынша – 17, парақорлық фактіле­рі бойынша  48 қылмыс тіркелген. Салалар бо­­йынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау органдарында – 20, білім, денсаулық сақтау, құрылыс салаларында 12 қылмыстан тіркелді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 51 жауапты қызметкер әшкереленіп, 16 адам сотталды. Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мем­­лекеттік органдарға 49 ұсыным енгізіліп, оның 46-сы қаралған. Нәтижесінде, 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылса, 5-уі жұмыстан босатыл­ды», деді Талғар Серікбаев соңғы 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша берген ақпаратында. Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында азаматтық қоғам институттарымен ты­ғыз өзара іс-қимыл маңызды рөл атқаратындығын мәлім­деді. Бұл орайда «Шымкент – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағар­ту­шылық штабы тарапынан жүзеге асырылған жоба­лар оң нәтиже берген. Мегаполис тұрғын­дарына ке­ңес­тер берілетін Antikor Live және Adal Komek жобалары халықты қызықтыратын өзекті мәсе­лелерді талқылау бойынша тиімді диалог ала­ңына айналған. Жыл басынан бері департамент 10 меке­менің қызметіне талдау жүргізіп, сыбайлас жем­қорлық тәуекелдері анықталған. Сыртқы талдау­лардың қорытындысы бойынша 100-ден аса ұсыныс енгізіліп, олардың жартысынан көбі орындалды.

Сондай-ақ департамент басшысының бірін­ші орынбасары бүгінде Шымкентте квазимем­лекеттік сектордың 186 ұйымында комплаенс қызметі жұмыс істейтінін айтты. Жыл басынан бері өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 12 адам көтермеленіп, олардың сыйақы мөлшері 2 млн теңгеден астам соманы құраған.