Қазақстанда 12 мен 18 жас аралығындағы балалар, жүкті әйелдерді, жас аналарды вакциналау басталды. Бұл кезең елге Pfizer вакцинасының алғашқы дозасы жеткізілгеннен кейін қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.
«15 қарашадағы мәлімет бойынша «Комирнати» (Pfizer) препаратының бірінші компонентін 1 560 адам салдырды», деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Министр Үкімет отырысында берген есебінде «Комирнати» (Pfizer) препаратының екінші дозасы Қазақстанға 20 қараша күні жететінін айтты.