ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында елдегі санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жасауды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министдің сөзінше, Еуропаның бірқатар елдерінде коронавирус инфекциясының таралуы жалғасып жатыр.
«Сондықтан санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету шаралары және оларды мониторинг топтарының бақылауы жалғасуы тиіс», деді Асар Мамин.
«Вакциналарды тасымалдау, сақтау кезінде барлық санитарлық талаптарды сақтауды сұраймын. Осыған орай халықты вакциналау, равакциналаумен қамтамасыз ету қажет», деді Үкімет басшысы.
Асқар Мамин аталған саладағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.