• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2021

Қазақстан жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреді - Тоқаев

220 рет
көрсетілді

Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді. Бұл жайында Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Каспий құбыр желісі консорциумының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Мұнай-газ секторы - Қазақстанның экономикасын өркендетуге жол ашқан басты саланың бірі. Бұл саланы дамыту үшін шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Қазір жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз. Өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиын барысында.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр.