• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қараша, 2021

Еліміздің үздік жоғары оқу орындары бақылаудан босатылады

246 рет
көрсетілді

Студенттерге сапалы білім беретін елдің үздік университеттері сыртқы бақылаудың бірқатар түрлерінен босатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үздік ЖОО-лар сыртқы бақылаудың әртүрлі түрлерінен босатылатын болады. Білім беру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады. «Білімді ұлт» ұлттық жобасында білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізгі векторлары айқындалды. Біз жұмысты жалғастыратын боламыз», деп сендірді ҚР БҒМ басшысы Үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, елімізде білім беру жүйесінде мемлекеттік бақылау күшейтілді.

«Тексерулер жүзеге асырылады. Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабу үшін 500-ге жуық сот процесіне қатысып, 300 әкімшілік іс жүргізді. Лицензиялар да қайтарылды. Ал бұған дейін 86 жоғары оқу орны оқытушыларды даярлаған болса, қазір тек 50 жоғары оқу орны ғана мұғалімдерді даярлайды», деді Аймағамбетов.

Ол соңғы жылдары гранттар саны екі есеге артқанын атап өтті. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 75 мың грантқа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Студенттерге стипендия мөлшері айтарлықтай өсті. Педагогтердің жалақысы да екі есеге артты.