• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Қараша, 2021

Вакцина қабылдағандарға ақша төленеді

408 рет
көрсетілді

Украина азаматтары COVID-19 препаратының екі дозасын қабылдағаны үшін 1000 гривн мөлшерінде төлем алады, деп хабарлайды Egemen.kz Украина президенті Владимир Зеленскийдің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Вакцинацияланған Украина азаматтары 1000 гривн (16 332 тг) мөлшеріндегі төлемді мемлекеттік қызмет аналогы, Diya қосымшасы арқылы алады екен. Зеленский украиндықтар бұл қаражатты не үшін жұмсай алатынын да айтты. 

«Бұл ақшаға спорт залына немесе фитнес-клубқа жазылу, кинотеатрға, театрға, мұражайға, концерттік залға немесе көрме орталығына баруға, ішкі әуе және теміржол көлігіне ел ішінде саяхаттауға билет сатып алуға болады», деді Зеленский. 

Украина президенті бұл бағдарлама 19 желтоқсанда іске қосылатынын хабарлады. Украина үкіметі бұл төлемдерге жылдың аяғында шамамен 3 млрд гривн, ал келесі жылдың басында 3 млрд гривн бөледі. Осылайша, тек 6 миллион украиналық төлемдер ала алады екен.