Қазақстанда вакцина салдырғандарға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 8 578 822 адам, ІІ компонентін 7 864 800 адам салдырды.
Сондай-ақ, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялауға қатысты 16 қарашадағы мәлімет бойынша «Комирнати» (Pfizer) препаратының І компонентін 4 779 адам салдырды.