• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 17 Қараша, 2021

Жәнібек Әлімханұлы: Орта салмақтың патшасы – мен!

547 рет
көрсетілді

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзін аталмыш салмақтың патшасына теңеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Хассан Ндам Нжикам – сөзсіз жақсы боксшы. Оның бұрынғы әлем чемпионы екені баршаға мәлім. Боксшы талай жақсы қарсыластармен жұдырықтасты. Бірақ мен мүлде басқамын, оны бәрі біледі.

Qazaq – әлемдегі үздік стиль. Бұл жекпе-жек кәсіби мансабымдағы ең жеңіл кездесу болатыны рас. Орта салмақ дәрежесінде бір ғана патша бар. Ол – менмін» деді Жәнібек Әлімханұлы өз ойын білдіріп.

20 қараша күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде Жәнібек франциялық Хассан Ндам Нжикаммен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 21 қарашаның таңында қазақстандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілмек.