Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Ақпарат және қоғамдық даму Министрі Аида Балаева мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы төрағасы Рик Демс кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Л.Диас, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Б. Нұрғазиева және Қазақстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.Мәртебелі мейман Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру жөніндегі жұмысынан хабардар болды.Кездесу барысында Аида Балаева Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен диалогты қолдаудың маңыздылығын айта келе, Қазақстанда адам құқықтарын нығайту мен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы ойымен бөлісті.Рик Демс ведомстволар қызметіндегі ортақ жұмыстың бағыттарын айта отыра, ҮЕҰ өкілдерімен азаматтық және саяси құқықтар сұрақтарын талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар серіктестік негізінде сындарлы ынтымақтастыққа өзара қызығушылық танытты.