Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі қазақстандық «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен әрі қолдауымен Тегеранның «Зәрна» көркемөнер галереясында «Әлем балалар көзімен» атты қазақстандық мүмкіндігі шектеулі балалардың сурет көрмесін өткізді.
Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры ұсынған балалардың суреттері қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме балалардың арманы мен өмірге деген құштарлығын ашуды мақсат етті. Көрмеге қойылған туындыларды ирандық өнер, білім қайраткерлері, іскер топтар өкілдері, Қазақстан азаматтары мен Ирандағы қазақ диаспорасының өкілдері тамашалады.
Қазақстандық балалардың шығармашылығымен танысқан заң ғылымдарының докторы, профессор Саййед Хасан Амин, мүсінші Фатеме Асади және өзге де ирандық қайраткерлер жас дарындардың қылқаламынан өмірге деген іңкәр көзқарас байқалады деп баға берді.