Жанар-жағармай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз және ең маңыздысы мынада:
біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек; екіншіден, материалдық-техникалық резерв базаны қалыптастыру; үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет», деді сенаторлар сауалдарына жауап берген энергетика министрі.Мағзұм Мырзағалиев жыл аяғына дейін жарияланған жоспарлар бойынша тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.