ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз коммерциялық параметрлерге әсер ететін техникалық параметрлерге, яғни газ құнына, құбыр құрылысын негіздеу үшін қажетті тұтынудың ең аз мөлшеріне әсер ететін нақты келіссөздерді бастауға келістік. Осы аптада біз Газпром-экспорт басшысымен кездесіп, бұл мәселені талқыладық», деді Мағзұм Мырзағалиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.