Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда:
Түркістан қаласынан 11 бағытта; Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта; Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.Бұл бағыттарда билеттердің құны 8-25 мың теңге аралығында болады. Рейс ашылған сәттен бастап билеттердің бағасы өзгермейді.