• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2014

Ақпараттар ағыны

255 рет
көрсетілді

● Астанада алдағы кезеңде 10 мың адамға арналған заманауи сту­денттік кампустың құрылысы басталады. Осы жоба бойынша емхананы пай­далануға беру жоспарланған. ● Жуырда «Алматы қаласының көшелері» атты анықтамалық оқырмандар қолына тиді. Көлемді анықтамалықта шаһардың барлық көшелері туралы мағлұмат берілген. ● Алматы облысында өткен жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 866, 6 мың шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілді. Ал үш жыл ішінде 111 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөн­деу жүргізілген. ● Келешекте еліміз бойынша тұң­ғыш радиологиялық кластер Семей қаласынан ашылады. Бұл жерден әрбір азамат тексеруден өте алады. ● «Бейнеу – Бозой – Шымкент» ма­гистральды газ құбыры жыл соңы­на дейін іске қосылатын болды. Сон­дай-ақ, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де қарастырылады. ● Қостанай облысының шаруаларына биыл 6,5 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Оның бір бөлігі минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алуға жұмсалады. ● Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасына ен­гізілген 4 жоба іске қосылды. Соның бірі құрылыс материалдары комбинаты. ● Биыл республика өңірлерінде 5 онкологиялық орталық ашылады. Осы орындарға заманауи құрал-жабдықтар орнатылмақ. ● Қарағанды облысында мү­гедектерге арналған бос жұмыс орын­дарының жәрмеңкесі өткізілді. Он­да бірнеше азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.