Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсан айына коронавирус бойынша эпидемиологиялық болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың өршуі кезінде коронавирус ауруы өсуі мүмкін.
«Қазір ЖРВИ және тұмау аурулары өсуде. Жағдай бір мәнді емес. Осыған байланысты коронавирус ауруының өсу қаупі сақталуда. Бізде вакцина салдырмаған көптеген адамдар бар. Бұл адамдар желтоқсан айында аурудың өсуін тудыруы мүмкін. Сондықтан бізге қазір белсенді түрде екпе жасату қажет», деді ол.
Қаланың бас санитарлық дәрігері атап өткендей, бүгінде алматылықтардың 48,1%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.
Сондай-ақ, Бекшин уақыт өте келе антиденелердің концентрациясы төмендеуіне байланысты вакциналардың алғашқы дозаларын алғаннан кейін 6 немесе 9 ай өткен соң коронавирусқа қарсы ревакцинация қажет екенін еске салды.
Вирус жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы екпе жасамаған.