• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2021

Майнинг фермасы КЕGОС электр желісіне заңсыз қосылған

268 рет
көрсетілді

Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында майнинг фермасы KEGOS желілеріне заңсыз қосылғанын анықтады. Компанияға қатысты бақылау шаралары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Биылғы жылдың 18 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері ЖШС-нің біріне тиесілі майнинг фермасының KEGOS желілеріне заңсыз қосылғанын анықтады», деп хабарлады министрліктен.

Майнинг фермасы цифрлық даму саласындағы уәкілетті органды өз қызметі туралы хабардар етпестен қызметті жүзеге асырғаны айтылды.

Комитет «KEGOC» АҚ-қа қатысты бақылау жұмыстарын бастады.   «Энергия тасымалдаушы ұйымдардың назарын майниниг фермалардың электр желілеріне қосуға жол берілмейтініне және заңнамаға сәйкес әрбір дерек бойынша әрекет ету шаралары қабылданып, электр энергиясы шегінде тиісті айыппұлдар қолданылатынына назар аударамыз. 

Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен және энергетикалық кәсіпорындармен бірлесе отырып, заңды бұзатын майниниг фермаларды анықтау және электр желілерінен ажырату жұмыстарын жалғастырады», деп толықтырды министрлік.

«Заң талаптарын орындаған майниниг фермаларға электр энергиясынан шектеулер мен ажыратулар болмайды. Өз кезегінде кеншілердің  орталықтары еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей өз қызметін жүзеге асыруы керек», деді басқарма басшысы.