Дубайда өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақта Софья Берульцева қола медальға таласады.
Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады.
Спортшылардың жекпе-жегі сенбі күніне жоспарланған.