Түркістан облысы вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласынан озып, республика бойынша алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«20 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 620 968 адам, II компонентін 7 929 289 адам салдырды», делінген хабарламада.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 017 422 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 953 289 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында - Алматы қаласы. Қалада 1 016 192 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 863 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 859 709 адам екінші бөлігін қабылдаған.
Еске сала кетсек, кеше вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, Түркістан облысы екінші орында болды.