Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баварияда вакцина алмаған адамдарға локдаун енгізеді. Сонымен қатар, Рождество мейрамы қарсаңындағы жәрмеңкелер, клубтар мен ішімдік орындары барлық федералды жерлер аумағында жұмысын тоқтатады, кафелер мен мейрамханалар сағат 22:00-де жабылады. Мәдени іс-шаралар қатаң жағдайда өткізіледі.
Сингапур билігі вакцина алмаған азаматтарға шектеулерді күшейтіп жатыр.
Атап айтқанда, коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтпеген адамдар әлеуметтік белсенділігін төмендетіп, мүмкіндігінше үйде болып, қонаққа бармауы керек. Қоғамдық тамақтану орындарында 22 қарашадан бастап бір үстел басында екпе жасаған бес адамнан артық отыра алмайды.
Мексикада 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцинация 19 қарашадан басталды. Мемлекетте екпе алғысы келетін барлық тілек білдірушілерге алдын ала тіркелу үшін портал жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Мексикада созылмалы аурумен ауыратын немесе мүгедектігі бар 12 жастан 17 жасқа дейінгі жас өспірімдерге вакцинация жұмысы жүріп жатыр.