• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Өнер 21 Қараша, 2021

Қазақстандық «Томирис» фильмі Минск кинофестивалінде көрсетіледі

252 рет
көрсетілді

Қазақстандық «Томирис» фильмі 27-ші «Лістапад» кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, бүгін халықаралық Минск кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

«Лістапад» - Беларусьтегі кино саласының ең ірі фестивальдерінің бірі. Биыл фестиваль 26 қарашаға дейін жалғасады.

«Лістапад» фестивалінің конкурстық бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады: көркем фильмдер, деректі фильмдер, ұлттық байқау және «Лістападзік» балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған фильмдер байқауы.