• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Қараша, 2021

29 250 доза Pfizer жеткізілді

136 рет
көрсетілді

Орал қаласына Pfizer компаниясы өндіріп шығарған «Комир­на­ти» вакцинасының 29 250 дозасы жеткізілді. Қазір екпе меди­ци­на ұйымдарына таратылуда. «20 қарашадан вакциналау бас­талады» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық ден­сау­­лық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова.

Пандемия басталғалы бері Батыс Қазақстан өңірінде 39 503 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған екен. Індетті жұқ­тыр­ған­дардың 93,3-%-ы, яғни 36 856 адам жазылып шық­қан. Соның ішінде 14 931 адам инфекциялық стационарларда ем алып шықса, 21 925 адам амбулаториялық дең­гей­де емделіпті. Соңғы есеп бо­йынша COVID-19-дан барлығы 832 адам көз жұмған. Олардың 663-і биыл қайтыс болған.

Жоғарыдағы деректерді жа­рия­лаған облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдірахманова жедел жәрдем стансасына бір аптада орта есеппен 6 мыңға жуық қоңырау түсетінін, соңғы тәулікте 1 171 шақырту түсіп, оның 101-і коро­навирусқа қатысты болғанын айтты. Соңғы бір күнде 15 адам ста­ционарға жатқызылған.

Әрине, кейінгі кезде өңірде ін­дет­тің беті қайтқандай. Облыс «жа­сыл аймаққа» ауысып, карантин талаптары жеңілдеді. Бүгінде облыста жалпы саны 821 төсектік орын 16 стационарда 142 адам ғана ем алып жатыр. Бұл көрсеткіштер өңірде эпидемиялық ахуал­дың сауыға бастағанын көрсетеді. Әрине, бұл алдын ала профилактика – екпе жұмысының ұйым­шыл­дықпен жүруіне де байланыс­ты. 19 қараша күнгі мәліметке қара­ғанда, облыста 246 010 адам коро­навирусқа қарсы вакцинаның І ком­понентін алған екен. Соның ішінде Спутник V вакцинасын – 176 537 адам, QazVac вакцинасын – 16 349 адам, Hayat-Vax вакцинасын – 24 984 адам, Corona-Vac вакцинасын – 7 719 адам, Vero Cell вакцинасын 20 421 адам алған. Барлығы 226 260 адам вакцинаның қос компонентімен егілген.

«Pfizer компаниясы өндіріп шығар­ған «Комирнати» вак­ци­насының 29 250 дозасы облы­сы­мыз­ға жеткізілді. Қазіргі уақытта МСАК ұйымдарына вакцинаны бөліп тарату жүргізілуде. Ен­ді вак­­циналау басталады», деді Гүлнәр Мақсотқызы.

Батыс Қазақстан об­лыс­тық сани­тариялық-эпиде­мио­логия­лық­ ба­қылау депар­та­мен­ті бас­шы­сы­ның орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың ай­­­туынша, облыс­та соңғы аптада өткен аптамен салыс­тырғанда аурушаңдық 13%-ға (207-ден 180-ге) төмендеген.

Дегенмен, білім нысандарында коронавирус тарау оқиғасы кез­де­седі. 1 қарашадан бері оқу­шылар арасында – 69, педагогтер арасында 11 адам вирус жұқтырған. Сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарының 6 студенті, жоғары оқу орын­да­ры­ның 8 студенті ауыр­ған екен.

Қауіпті індет бойынша күр­­делі жағдай қалыптасқан Ресей Федерациясымен арадағы мем­ле­кет­тік шекара да мұқият бақылауға алынған. Мәселен, 1 қарашадан бері шекарадан COVID-19 анық­та­ма­сынсыз өткен 545 жолаушы, 592 жүргізуші тексеріліп, 4 адам­ның ауырғаны анықталған. Олар бірден оқшауланып, тиісті шаралар жасалған.

Коронавирустың жаппай тара­лу жолдарын кесу үшін мо­ни­­торингтік топтар қыз­ме­тін жал­ғастырып, соңғы апта ішін­де 59 рейд жүргізген екен. Тек­се­рілген 611 нысанның же­те­уі карантиндік шараларды сақ­та­ма­ғаны анықталып, шара қол­да­нылған. Сондай-ақ Ashyq қосымшасы 1 қарашадан бері облыста санитарлық-каран­тин­дік режімді бұзған 51 оқи­ға­ны анықтаған. Осылайша «қы­зыл» мәртебесі бар 44 адам, «сары» мәртебелі 7 адам жазаға тар­тыл­ған. Өңірде 10 маусымнан бері осындай Әкімшілік құқық бұ­зу­шылық туралы Кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзған жеке тұл­ға­ларға 166 хаттама толтыры­лып, 7 234 160 теңге айыппұл салынған екен.

 

Батыс Қазақстан облысы